Қазақстандағы ФАО
Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымына (ФАО) 1997 жылғы қарашада мүше болды. 2015 жылғы мамырда Қазақстан Республикасында ФАО-ның Байланыс және серіктестік бюросын құру туралы Қабылдаушы елмен келісімге қол қойылғаннан кейін ынтымақтастық айтарлықтай нығайды, ал бюро 2016 жылы өз жұмысын бастады.
Бұл серіктестік жер және су ресурстарын тұрақты басқару, ескірген пестицидтер мен химиялық қалдықтарды кәдеге жарату, «Біртұтас денсаулық» тәсілі аясында зооноздық ауруларға дайындық, сондай-ақ мектептегі салауатты тамақтанудың ұлттық бағдарламасы сияқты кең ауқымды жобаларға қолдау көрсетеді.
Қазақстандағы ФАО-ның басымдықтары
ФАО-ның Қазақстандағы қызметі ұлттық даму басымдықтарын қолдау мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің ұжымдық стратегиялық бағытын айқындайтын Қазақстанға арналған БҰҰ-ның 2026–2030 жылдарға арналған орнықты даму саласындағы ынтымақтастық шеңберлік бағдарламасы (UNSDCF) негізінде жүзеге асырылады. Ұйымның елдегі жұмысы ФАО-ның 2022–2031 жылдарға арналған Стратегиялық негіздемесіне сәйкес келеді, бұл ФАО-ның жаһандық мандаты мен оның Қазақстандағы БҰҰ жүйесінің жалпы күш-жігеріне қосатын үлесі арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Қосалқы Сілтемелер
- Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Еуропа және Орталық Азия өңірлік кеңсесі
- Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы
Байланыс
Қазақстандағы ФАО өкілдіг
Самал-1 микрорайоны, 12
«Астана Тауэр» бизнес-орталығы
Астана, 010000, Қазақстан
Электрондық пошта: [email protected]
Телефон: +7 (7172) 476693