Қазақстан

Виорел Гуцу

Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Бас директорының орынбасары, Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі.

Виорел Гуцудың ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпорындарды қайта құрылымдау, құрылымдық реформаларды іске асыру және жеке секторды дамыту салаларында мемлекеттік, жеке және халықаралық ұйымдарда жинақтаған 30 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар.

Ол Молдова Республикасының азаматы, 2024 жылғы ақпанда ФАО Бас директорының орынбасары және Еуропа мен Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі болып тағайындалды. Бұған дейін ол ФАО-ның Орталық Азия бойынша субөңірлік үйлестірушісі, сондай-ақ Түркия мен Өзбекстандағы ФАО өкілі қызметтерін атқарды.

ФАО-дағы еңбек жолын 2014 жылы Тәжікстандағы ФАО өкілдігінің басшысы ретінде бастап, ұйымның ұлттық үкіметпен және негізгі донорлармен тиімді серіктестігін дамытуға жетекшілік етті.

ФАО-ға келгенге дейін Виорел Гуцу Молдова Республикасының Ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі министрінің орынбасары қызметін атқарды. Бұл лауазымда ол ауыл шаруашылығы мен ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттарын әзірлеуді, үйлестіруді және мониторингтеуді басқарды.

Сонымен қатар, ол БҰҰ-ның Шығыс Тимордағы Уақытша әкімшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі маман ретінде қызмет етіп, бітімгершілік операцияларын қолдау, кедейлікпен күрес және төтенше жағдайлардың алдын алу бағыттарында жұмыс істеді.

Виорел Гуцу экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие.

Жаңыл Бозаева

ФАО-ның Қазақстандағы бағдарлама үйлестірушісі және ұжым жетекшісі

Жаңыл Бозаева 2021 жылдан бері ФАО-ның Қазақстандағы Серіктестік және байланыс жөніндегі кеңсесінде Бағдарлама үйлестірушісі және ұжым жетекшісі қызметін атқарады. Кеңсе басшысының орынбасары ретінде ол ФАО-ның елдік бағдарламасын үйлестіруде және ілгерілетуде маңызды рөл атқарып, Қазақстанның ұлттық даму күн тәртібіне, Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсатындағы ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік бағдарламасына және ФАО-ның Елдік бағдарламалау жөніндегі негіздемелік бағдарламасына сәйкес стратегиялық басымдықтарды іске асыруға қолдау көрсетеді.

Жаңыл ФАО-ның Қазақстандағы бағдарламалар портфелін стратегиялық үйлестіруге және іске асыруға үлес қосып, агроазық-түлік жүйелерін трансформациялауға, климаттық өзгерістерге төзімділікті арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және ауылдық аумақтардың тұрақты дамуын ілгерілетуге бағытталған бастамалардың кең ауқымын қолдайды. Ол бағдарламаларды тиімді іске асыруға, серіктестікті нығайтуға және саясат мәселелері бойынша диалогты қолдауға жәрдемдесу мақсатында мемлекеттік органдармен, даму жөніндегі серіктестермен, БҰҰ агенттіктерімен, ғылыми және академиялық мекемелермен және басқа да мүдделі тараптармен тығыз жұмыс істейді.

Оның міндеттеріне бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу және іске асыруды қолдау, серіктестікті дамытуға жәрдемдесу, техникалық көмек көрсету және әлеуетті арттыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіру, сондай-ақ ФАО-ның бастамаларының ұлттық басымдықтар мен халықаралық міндеттемелерге сәйкестігін қамтамасыз ету кіреді. Жаныл өз қызметі арқылы Қазақстанның агроазық-түлік секторының тұрақтылығына, климаттық өзгерістерге төзімділігіне және бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін кешенді, дәлелді деректерге негізделген және нәтижеге бағдарланған тәсілдерді ілгерілетеді.

Жаңыл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне және Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агрономия мамандығы бойынша бакалавр дәрежесіне ие. Сонымен қатар, Түркиядағы Йылдыз техникалық университетінің Саясаттану және халықаралық қатынастар мамандығы бойынша магистр дәрежесіне ие.

ФАО-ға келгенге дейін Жаңыл Қазақстан мен Орталық Азиядағы табиғи ресурстарды басқару және агроазық-түлік жүйелері салаларындағы ұлттық және өңірлік жобаларды басқарды. Ол сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымында жұмыс істеп, ауыл шаруашылығы технологияларын, білім мен тәжірибелерді трансферттеу және жергілікті жағдайларға бейімдеу ісіне үлес қосты.

Кәсіби тәжірибесі барысында Жаңыл бағдарламаларды үйлестіру, серіктестікті дамыту, тұрақты ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстарды басқару және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл салаларында мол тәжірибе жинақтады. ФАО-дағы қызметінде ол Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге жәрдемдесу аясында Қазақстандағы ынтымақтастықты және институционалдық әлеуетті нығайтуға, сондай-ақ тұрақты және орнықты агроазық-түлік жүйелерін дамытуға үлес қосады.